+7 (7172) 57 46 00

M

08.01.2026

“Біртұтас команда – жайлы мектеп” тақырыбында тренинг өтті

2026 жылғы 6 қаңтарда Алматы қаласы, №218 жалпы білім беретін мектеп базасында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша КДИ «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар» кафедрасының аға оқытушысы Абайдуллаева Айгүл Аманжоловна мен «Жаратылыстану-математика бағыттары» кафедрасының аға оқытушысы Кабдылова Гулжанат Токтарбековна «Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбында команда құру тренингін өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – мектеп педагогтарының тиімді командалық жұмыс дағдыларын дамыту, командалық бірлікті нығайту, сондай-ақ әрбір қатысушының өз мүмкіндіктерін ашуға, топ ішінде сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу болды. Оған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тілеуберді Ақмаралмен бірге барлығы 91 педагог қатысты.

Шара барысында қатысушылар үшін «Командалық рөлдер және олардың маңызы» тақырыбында шағын дәріс өткізілді. Бұл теориялық блок қатысушыларға командалық рөлдердің әрқайсысының ортақ мақсатқа жетуге қалай ықпал ететінін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, командалық рөлдерді сипаттайтын Р. Белбиннің теориясы таныстырылып, қатысушылар практикалық тұрғыда өз командаларындағы рөлдерін талдау мүмкіндігіне ие болды. Тренингтің интерактивті бөлігінде педагогтар кейстермен жұмыс жасады, бір-бірімен тәжірибе бөлісті және бірнеше қызықты тренингтік жаттығуларға қатысты. Бұл іс-шаралар командалық сенімділікті арттыруға, педагогтардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ мектептегі жағымды оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, тренингтің мазмұны мен әдіснамасына жоғары баға берді. Тренинг мақсаты толық орындалып, қатысушылардан сындарлы және жылы пікірлер алынды, бұл болашақта мектеп ішіндегі командалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға негіз болады.