+7 (7172) 57 46 00

M

Филиал

 

Шығыс Қазақстан облысы

бойынша Өрлеу

Институт туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты

 
 
Сандар

мен

фактілер

Оқытылған педагогтер

Өткізілген курстар

Курстан кейінгі қолдаумен қамтылған педагогтер

Шетелдік ұйымдармен жасалған меморандумдар мен ынтымақтастық туралы шарттар

Тарих

1948 жыл

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысына сәйкес, Қазақ КСР-і Ағарту министрлігінің 1948 жылғы 10 ақпандағы ұсынысы бойынша облыстық халықтық білім беру бөлімі жанынан әдістемелік кабинет негізінде Шығыс Қазақстан мұғалімдер білімін жетілдіру Институты құрылды.

1978 жыл

Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты жеңімпаз болып танылды және КСРО ағарту министрлігімен Ауыспалы Қызыл тумен марапатталды.

1989 жыл

Шығыс Қазақстан облыстық шығармашылықпен жұмыс істейтін «Шығармашылық» мұғалімдер клубы коммуналдық әдістеме мәселесі бойынша кездесулер өткізеді. Кездесу мақсаты: коммуналдық әдістемені практикалық игеру, ынтымақтастық педагогикасы идеяларын зерттеу.

1996 жыл

Облыстық басқарманың 1996 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен институт базасында дамыта оқыту жүйесі бойынша облыстық эксперименттік алаң мәртебесі бар мектеп құрылды. Институт әдіскерлері балаларды бастауыш білім берудің іс-әрекеттік үлгідегі жүйесі бойынша оқытты.

Екінші оқу жылында балалар Мәскеу қаласында бес оқу пәні бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды.

1998 жыл

Білім департаментінің 1998 жылғы 03 ақпандағы №10-к бұйрығына сәйкес мұғалімдерді жетілдіру институты «Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» болып өзгертілді.

1999 жыл

«Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» Білім департаментінің №212 бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК болып қайта құрылды.

2001 жыл

2001 жылдың маусым айынан бастап «ШҚО педагогикалық жаршысы» атты журналдың алғашқы номері жарыққа шықты.

2001 жылдың наурыз айынан бастап, 16 жыл бойы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Экобиоцентр» ОИ-мен бірлесе отырып, «Экологиялық ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді, оған ПҚ БАИ қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, ШҚО экология басқармасының педагогтары мен қызметкерлері қатысты.

2006 жыл

Ресурстық орталық құрылды, оның негізгі мақсаты – уақыт сұраныстарына, мемлекеттік тапсырыс және білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлердің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жедел ден қою.

2009 жыл

Институт Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының “Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты” РМҚК болып өзгертілді.

2016 жыл

 Қазақстанның мектептік білім берудің басымдықтары инфрақұрылымдық даму және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге дайындық болды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жүзеге асырылуда. Орта білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен көшу үшін база дайындалды. Мемлекеттік бастауыш білім беру  стандарты қабылданды. Республиканың 30 пилоттық мектептерінде, оның ішінде Өскемен қаласының №39 мектебінің екі бірінші сыныптарында және ШҚО Көкпекті ауданының Абай атындағы мектебінде жаңартылған оқу бағдарламаларын бейімдеу жүргізілуде.

2019 жыл

2019 жылдың 11 желтоқсанында “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ тарихында елеулі оқиға болды. Бұл күні “мұғалімдер үйінің”салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Институт құрылымы

Біздің оқытушылар

Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!

Құрметпен, Жұманова Гаухар Сайлаубекқызы

“Өрлеу” филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры

«Өрлеу» филиалы

 

«Өрлеу» филиалы — педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және өңірде педагогикалық кадрларды біліктілігін арттыру, кәсіби қолдау және сүйемелдеу бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар, заманауи оқыту әдістемелерін және цифрлық білім беру шешімдерін енгізіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау, ашық есік күндерін өткізу және педагогтер мен мүдделі азаматтарды кеңес беру арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.