+7 (7172) 57 46 00

M

Бөлім

 

Зерттеулер

Ғылыми-зерттеу жобалар

1. Күрделі әлем үшін білім беру аспектісінде педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру: парадигма, әдіснама, цифрлық құралдар (2023–2025; BR21882260; бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында)

Ғылыми бағдарлама цифрландыру жағдайында педагогтердің «біліктілікті арттырудың» дәстүрлі моделінен үздіксіз кәсіби даму жөніндегі заманауи парадигмаға көшу үдерісін зерттеуге бағытталған.

Жобаның мақсаты: Озық әдіснамалар мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы (ПҮКД) жүйесіне көшудің тетіктерін ғылыми тұрғыда негіздеу және енгізу.

Қол жеткізілген нәтижелер:

  • Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының концептуалдық-әдіснамалық моделі әзірленіп, іске асырылды.
  • Кәсіби оқытудың бизнес-процестерін реинжинирингтеу негізінде цифрлық экожүйенің архитектурасы құрылды.
  • Эксперименттік тексеруден өткен және ауқымдандырылған дербестендірілген білім беру бағдарламаларының кешені әзірленді.
  • Педагогтерді қолдауға арналған фасилитаторлардың кәсіби желісі қалыптастырылды.
  • Жаңа парадигма аясындағы білім беру бастамаларының тиімділігін бағалау әдістері әзірленіп, енгізілді.

Жарияланған мақалалар:

  • Murzalinova, A. Z., Nurbekova, Z. K., Almagambetova, L. S., Imanova, A. N., & Shpigart, N. N. (2025). From personification to self-management of teachers’ professional development: Paradigm, content, and design of educational programs. International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(2), 1500–1511. https://doi.org/10.53894/ijirss.v8i2.5507
  • Nurbekova Zh., SembayevT., Zhetpisbayeva, M., Baigusheva K. AI-driven digital facilitator for personalized post-course support of educators. International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(3) 2025, 1811-1823. https://doi.org/10.53894/ijirss.v8i3.6888
  • Makhmetova, Z. et al. (2025). Exploring the Effects of Professional Learning Experiences on In-Service Teachers’ Growth: A Systematic Review of Literature. https://www.mdpi.com/2227-7102/15/2/146
  • Иманова А. Н., Ашимбетова Р. Д., Альмагамбетова Л. С., Зейнелова А. Е., Шпигарь Н. Н. Фасилитация в непрерывном профессиональном развитии педагогов // Өрлеу. Вести непрерывного образования. 2025. № 1(48). С. 92–99. https://doi.org/10.69927/DKNZ1170
2. Аттестаттау шеңберінде мұғалімдердің кәсіби дамуын зерттеу (2023–2025; ИРН AP19679296; гранттық қаржыландыру аясында)

Зерттеу қолданыстағы аттестаттау жүйесінің педагогтердің нақты кәсіби өсуіне және олардың құзыреттерінің дамуына тигізетін ықпалын терең талдауды қамтиды.

Жобаның мақсаты: Аттестаттау үдерісін бағалау және мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтау.

Қол жеткізілген нәтижелер:

      • Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен аттестаттауға қатысты ұғымдарға, олардың өзара байланысына және нормативтік құжаттарға әдіснамалық талдау жүргізілді.
      • Аттестаттаудың мұғалімдердің құзыреттерінің дамуына және кәсіби өсуіне әсерін бағалауға арналған әдістеме мен құралдар әзірленді.
      • Эксперимент барысында ұлттық біліктілік тестілеуінің деректерін, портфолиоларды және фокус-топтардың материалдарын талдау негізінде аттестаттау аясында педагогтердің құзыреттерінің өсуіне тікелей әсер ететін факторлар айқындалды.
      • Аттестаттау шеңберінде кәсіби дамуды басқару бойынша мұғалімдер мен білім басқармаларының әдіскерлеріне арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
      • Өз кәсіби дамуын басқару бойынша біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы дайындалды.

      Жарияланған мақалалар:

      • Shilibekova, S.Vildanova, V. Mussarova, B.Yessingeldinov, M.Ablayeva, A. Kaldybek. The methodology for assessing the impact of appraisal on teachers’ professional development. http://doi.org/10.11591/ijere.v14i2.31916