+7 (7172) 57 46 00

M

Филиал

 

Алматы қаласы бойынша Өрлеу

Институт туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институты

Сандар

мен

фактілер

Оқытылған педагогтер

Өткізілген курстар

Курстан кейінгі қолдаумен қамтылған педагогтер

Шетелдік ұйымдармен жасалған меморандумдар мен ынтымақтастық туралы шарттар

Тарих

22 қазан 1965 жыл

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығын орындауға байланысты іс-шаралар туралы» ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1965 жылғы 22 қазандағы № 688 қаулысының негізінде, Қазақ ССР Тың өлкесін тарату туралы Целинный өлкелік мұғалімдерді жетілдіру институтын Целиноградта орналасқан Қазақ ССР Ағарту министрлігінің мұғалімдерді жетілдіру Орталық институтына айналдыру жүргізілді, оның қызметінің басты бағыттарының бірі республиканың басшы кадрларының біліктілігін арттыру болды.

1966-1976 жылдары

ОМЖИ 1966-1975 жылдары КСРО ХШЖК-де 30-ға жуық көрме өткізді, 24 мектептің тәжірибесін, халықтық білім берудің 4 бөлімінің және 12 мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесін көрсетті. 200-ге жуық адам КСРО ХШЖК медальдарын алды, ал қатысушылар 10 мың рубльден астам ақшалай сыйлық алды. ОМЖИ Жапонияда, Египетте, Эстонияда, Арменияда, Венгрияда Қазақстан апталығын өткізді. Үздіксіз жұмыс істеп тұрған көрмеде ОМЖИ біліктілікті арттыру курстарын өткізу кезінде қолдану және көрсету үшін: 44 альбом, 255 әзірлеме, ірі ғалымдар дәрістерінің жазбаларын, ҚазКСР мұғалімдерінің IV съезі, мұғалімдердің II Бүкілодақтық съезі туралы біздің қызметкерлеріміз жасаған диафильмдері.

1976 жыл

Жоғары деңгейдегі курстарды, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізетін дәріскерлер анықталды. 1976 жылға қарай ОМЖИ-да 800 адамнан тұратын оқытушылар құрамы белсенді болды, олардың ішінде 14 академик пен корреспондент-мүшелері, 25 ғылым докторы бар.

1996 жыл

1996 жылы мұғалімдерді жетілдірудің Орталық институты білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырудың республикалық институты болып қайта аталды.

ОМЖИ, ББЖҚБАРИ қызметкерлері Кеңес Одағы бойынша Бүкілодақтық Педагогикалық оқуларға, ғылыми конференцияларға, семинарларға белсенді қатысты. Көптеген танымал ғалымдар мен педагогтар ОМЖИ-да дәріс оқыды (Ю.К. Бабанский, М.М.Поташник, Ш.Амонашвили және басқалар).

1965 - 2020 жылдары

1965 жылдан 2020 жылға дейін ОМЖИ, ББЖҚБАРИ-да ТМД елдері мен Қазақстанның білім беру ұйымдарының 2,5 млн.астам басшыларын оқытты.

Институт құрылымы

Біздің оқытушылар

Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!

Құрметпен, Ержан Тұрғанбайұлы Мелдебеков

“Өрлеу” филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры

«Өрлеу» филиалы

 

«Өрлеу» филиалы — педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және өңірде педагогикалық кадрларды біліктілігін арттыру, кәсіби қолдау және сүйемелдеу бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар, заманауи оқыту әдістемелерін және цифрлық білім беру шешімдерін енгізіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау, ашық есік күндерін өткізу және педагогтер мен мүдделі азаматтарды кеңес беру арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.