Институт туралы
“Өрлеу” Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты”
Сандар мен фактілер
ОҚЫТЫЛҒАН ПЕДАГОГТАР
КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН ПЕДАГОГТЕР
ӨТКІЗІЛГЕН КУРСТАР
ШЕТЕЛДІК ҰЙЫМДАРМЕН ЖАСАЛҒАН МЕМОРАНДУМДАР МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТТАР
Институт тарихы
1945 жыл
1945 жылы әдістемелік орталық мұғалімдердің біліктілігін арттыру жөніндегі облыстық институт мәртебесін алды.
1948 жыл
1948 жылғы наурызда қабылданған Оңтүстік Қазақстан облыстық КП(б)к қаулысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық халыққа білім беру бөлімінің жанынан Абай атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты құрылды.
1991 жыл
1991 жылы облыстық оқу-әдістемелік кабинет құрылып, облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» болып қайта аталды.
1999 жыл
1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 21.12.1998 жылғы №389 қаулысы және облыстық білім департаментінің 19.01.1999 жылғы №11947-1958мк бұйрығы негізінде облыстық үздіксіз білім беру институты болып қайта құрылды.
2000 жыл
Облыстық педагогикалық музей ашылды.
2012 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қаулысына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2012 жылғы 2 қазанда облыстық Әділет басқармасында тіркеліп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалы» болып қайта аталды.
2016 жыл
Институттың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен әріптестікте өткізген «Көптілді білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» атты ғылыми-практикалық конференциясы.
2018 жыл
Облыстық «Үздік робот-жоба – 2018» байқауы.
«Мектепте робототехниканы оқытудың тәжірибесі мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
2020 жыл
«Өрлеу» білім беру арнасы үшін филиал тренерлері жалпы орта білім берудің жалпы пәндері бойынша 636 бейнесабақ дайындады.
«Білім беру ұйымдарындағы психолог қызметінің аспектілері: тәжірибе мен жетістіктер» атты республикалық онлайн конференция.
2021 жыл
Төмендегідей тақырыпта республикалық онлайн ғылыми-практикалық конференция өткізілді:
«PISA – ұлттық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіші».
Институт құрылымы
Біздің оқытушылар
Директор блогы
Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.
Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Медетбекова Меруерт Аскарбекқызы,
“Өрлеу” БАҰО” АҚ “Шымкент қаласы бойынша “Педагогтердің кəсіби даму институты” филиалының директоры, ф.ғ.к.
Ашық есік күндері
2025 жыл
23.01.2025
23.01.2025
23.01.2025
23.01.2025
23.01.2025








