+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Бекіш Азамат Әбділқаилұлы
Басқарма Төрағасының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі:
Бекіш Азамат Әбділқаилұлы Жетісу облысында дүниеге келген. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Тарих» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны тәмамдап, осы оқу орнында «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер біліктілігін алған. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесіне ие.
Түркиядағы Фатих университетінде және Ресейдегі Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінде тағылымдамадан өткен. «Teachers Summit» халықаралық алаңының сертификат иегері. 10-нан астам ғылыми жарияланымның авторы, еңбектері SCOPUS және Web of Science дерекқорларында индекстелген.  

Мансап:
2010–2022 жылдар аралығында білім беру саласында еңбек етіп, мектепте педагог-ұйымдастырушы және тарих пәнінің мұғалімі лауазымдарын атқарды.
2016 – 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының қоғамдық көмекшісі.
2022 – 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры.
2023 – 2025 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының директоры.
2026 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.