Бөлім
Құрылым және басқару
Мейірқұлова Аида Бақытбекқызы
Басқарма Төрағасының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі:
Мейркулова Аида Бақытбекқызы 1988 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шетел тілдері» мамандығы бойынша бакалавриат, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған. Сонымен қатар, Түркиядағы Гази университетінде «Білім беру бағдарламалары және оқыту» (Curriculum and Instruction) мамандығы бойынша докторантураны (PhD) аяқтаған.
2016 жылы Ұлыбританиядағы Кембридж университетінде «Білім беру саласындағы басқару» бағыты бойынша ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен.
2015 жылы халықаралық «Болашақ» стипендиясының, 2016 жылы Түркия Республикасының «Türkiye Bursları» халықаралық стипендиясының иегері атанған.
Еңбек жолы:
2010–2011 жылдары «Center for International Education» орталығында шетел тілдері пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген.
2012–2014 жылдары Қазақстан-Ресей университетінде түрік тілі оқытушысы қызметін атқарған.
2013–2023 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеген.
2023–2025 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде академиялық бағдарламаларды әзірлеу және сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры, сондай-ақ «Білім беру теориясы мен практикасы» кафедрасының бағдарлама көшбасшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
