Бөлім
Құрылым және басқару
Қабденов Саят Талғатұлы
Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры
Жалпы ақпарат
Қабденов Саят Талғатұлы 1992 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген.
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтын «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Дәрежесі – құқық және экономика негіздері бакалавры.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Дәрежесі – құқық магистрі.
Мансап
2015 жыл – Арқалық қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ заңгері, Арқалық қ., Қостанай облысы.
2015–2016 жылдары – «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), Арқалық қ., Қостанай облысы.
2016–2018 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты), Қостанай қ.
2018–2019 жылдары – «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әкімшілік-құқықтық бөлімінің заң және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маманы (D-4 санаты), Қостанай қ.
2019–2023 жылдары – «Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ соттарды қамтамасыз ету және инфрақұрылым бөлімінің (мемлекеттік сатып алу бөлімі) басшысы (C-O-4 санаты), Қостанай қ.
2023–2025 жылдары – ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Заң басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты), Астана қ.
2025–2026 жылдары – Tenderbot компаниясының сатып алуды аутсорсингтеу бөлімінің заңгер-сатып алушысы, Астана қ.
2026 жылғы 6 тамыздан бастап – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры.
2026 жылғы 10 тамыздан бастап – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.
