Бөлім
Құрылым және басқару
Медетбекова Меруерт Аскарбековна
«Өрлеу» Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Медетбекова Меруерт Аскарбековна 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1992 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітірген, 2007ж., А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі Академиясы, филология ғылымдарының кандидаты.
Мансап
1992–2001 жылдары – орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2001–2011 жылдары – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент педагогикалық университеті және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттерінде аға оқытушы.
2012–2013 жылдары – «Болашақ» колледжінде тілдер кафедрасының аға оқытушысы.
2014–2018 жылдары – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының «Басқару менеджменті» кафедрасының меңгерушісі.
2018–2023 жылдары – «SMART-маман» ЖШС оқу орталығының директоры, Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директоры.
2023–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры, “Аналар кеңесі” қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
