+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Нығметова Бибигүл Джамбулқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры

Жалпы ақпарат, білім
Нығметова Бибігүл Жамбылқызы 1976 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Неміс тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі – неміс тілі пәнінің мұғалімі. Мамандығы – «Филология (шетел филологиясы)». Павлодар университетін «Филология (шетел филологиясы)» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі – филология магистрі (неміс тілі). Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Шетел тілі (екі шетел тілі)» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі – білім бакалавры (ағылшын және неміс тілдері). Алматы Менеджмент университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі – бизнес және басқару бакалавры. Павлодар педагогикалық университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі – білім бакалавры (педагогика және психология). Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі» бағыты бойынша аспирантурасын аяқтаған. Оған филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие.  

Мансап

1997–1998 жылдар Павлодар облысы Железинка ауданы Железинка ауылындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің неміс тілі мұғалімі.  

1998–2000 жылдар Павлодар қаласындағы №27 жалпы орта білім беру мектебінің неміс тілі мұғалімі.  

2000–2001 жылдар Павлодар технологиялық колледжінің неміс тілі оқытушысы.  

2001–2004 жылдар Павлодар университетінің «Аударма ісі (неміс тілі)» кафедрасының неміс тілі оқытушысы.  

2004–2025 жылдар Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор.  

2025 жылғы 17 маусымнан қазіргі уақытқа дейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Павлодар облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры. 

Қоса атқарған қызметтері: 

1997–2000 жылдар Павлодар облысы бойынша ПОКПОН «Wiedergeburt» («Возрождение»/«Қайта өрлеу») ұйымының неміс тілі курстарының оқытушысы.  

2001–2011 жылдар Павлодар қаласындағы Гёте институтының Тіл орталығы жанындағы неміс тілі курстарының тренер-мультипликаторы (мектеп оқушыларына, студенттерге және ересектерге арналған курстар).  

 2012–2023 жылдар Павлодар қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының тренер-оқытушысы.  

2020–2025 жылдар Павлодар қаласындағы Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Қосымша білім беру институты педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының тренер-әзірлеушісі.