Бөлім
Құрылым және басқару
Измуханбетова Софья Салахиденқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Ізмұханбетова Софья Салахиденқызы 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. «Құрмет белгісі» орденді А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының «Филология» факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Мансап
1986 –1987 жылдар Гурьев облысы Новобогат ауданы Октябрь орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1987 –1995 жылдар Орал облысы Фурманов ауданы Қарасу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1995 – 1996 жылдар Орал облысы Фурманов ауданы Қарасу орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
1996 жыл Орал қаласындағы №30 мектеп-балабақшаның бастауыш сынып мұғалімі.
1996 – 2004 жылдар Орал қаласындағы №30 мектеп-балабақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2004 – 2006 жылдар Орал қаласындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2006 – 2008 жылдар Орал қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2008 – 2009 жылдар Орал қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінің директор міндетін уақытша атқарушы.
2009 – 2011 жылдар Орал қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры;
2011 – 2011 жылдар Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ректор міндетін атқарушы.
2011 – 2012 жылдар Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ректоры.
2012 – 2012 жылдар «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы директорының міндетін атқарушы.
2012 – 2022 жылдар «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы директоры.
23.02.2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры.
2023 жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.
Батыс Қазақстан облыстық партия фракциясының жетекшісі.
Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі және «Көшбасшы әйелдер» бағытының жетекшісі.
Батыс Қазақстан облыстық партия жанындағы Бақылау комиссиясының мүшесі.
Батыс Қазақстан облыстық саяси бюросының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы алқасының мүшесі.
Мемлекеттік марапаттары
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011).
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016).
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021).
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2025).
