+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Мелдебеков Ержан Турганбаевич
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры

Жалпы ақпарат, білімі
Мелдебеков Ержан Турганбаевич 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көтергіш-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары» мамандығы бойынша тәмамдап, инженер-механик біліктілігін алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, құқық бакалавры дәрежесіне ие болған. Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтап, техника және технологиялар бакалавры біліктілігін алған.
2022 жылы М.Әуезов атындағы университеті «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдап, педагогика  ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы
2007–2009 жылдары – «Экспресс Банк» АҚ жүйелік әкімшісі.
2009–2011 жылдары – Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының информатика және қашықтан оқыту кабинетінің бағдарламашысы.
2011–2012 жылдары – ББЖКБАРИ ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.
2012–2017 жылдары – «Өрлеу» БАҰО» АҚ орталық аппаратында ақпараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету және коммуникациялар бөлімінің басшысы.
2017–2023 жылдары – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы. 
2023 жылғы бастап – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры.