Раздел
Структура и управление
Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы
Ғалымжан Бауыржанұлы білім беру саласында мол тәжірибесі бар басшы. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Математика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Шымкент қаласында математика пәнінің мұғалімі болып бастап, әр жылдары педагог-ұйымдастырушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директоры болды.
2021-2026 жылдары Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде директор орынбасарынан бастап басшылық қызметтер атқарған. 2026 жылдың 20 сәуірден бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы.
