+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры

Жалпы ақпарат, білімі:

Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (Шымкент қ.) «Қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі — қазақ тілі мен әдебиеті және шетел тілі пәндерінің мұғалімі. Шымкент университетін (Шымкент қ.) «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі — экономист. Филология ғылымдарының кандидаты. 

Мансап:

2004–2010 жылдар Шымкент университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тағылымдамашы-оқытушысы, оқытушысы. 

2010–2014 жылдар Шымкент университетінің филология кафедрасының меңгерушісі, ғылым жөніндегі проректоры, ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры. 

2014–2015 жылдар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті міндетін атқарушы. 

2015 жыл  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы. 

2015 жыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тіл саясатын талдау және мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы. 

2016 жыл  Шымкент университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры. 

2016–2017 жылдар Шымкент университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры. 

2021–2023 жылдар Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары. 

2023–2024 жылдар Түркістан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 

2024–2026 жылдар Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы. 

2026 жылғы 1 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры. 

Қоса атқарған қызметтері: 

2021-2026 жылдар «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының»  Түркістан облысы бойынша филиалында баяндамашы