Раздел
Структура и управление
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Қайсар Көпжасарұлы Нұрлыбаев 1988 жылы Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Физика-математика» факультетін «Физик» мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Физика, математика және информатика институтын» информатика мамандығы бойынша, В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетін «Физика, математика және информатика институты» мамандығы бойынша, UNESCO IITE International Master Programme ICTs in Teacher Professional Devolopment тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Мансап
2009-2013 жылдары Алматы облысы Райымбек ауданы, Тұйық орта мектебінде физика және информатика пәндерінің мұғалімі.
2012-2013 жылдары Алматы облысы Райымбек ауданы, Тұйық орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2013 -2014 жылдары Д. Қонаев атындағы колледжде информатика пәнінің оқытушысы және жүйелік әкімші.
2014 –2015 жылдары О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі.
2015-2016 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы.
2016–2018 жылдары — «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі.
2018 – 2021 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универистетінде «Робототехника» пәнінің мұғалімі.
2019–2020 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Білім берудегі робототехника және мехатроника бойынша зертханалық жұмыстарды әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» жобасының жетекшісі.
2016 – 2022 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының Педагогика, психология және заманауи білім беру практикалары кафедрасының физика, информатика және робототехника бойынша тренері, аға оқытушысы.
01.04.2022 – 31.05.2022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
31.05.2022 – 31.12.2022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы директорының орынбасары
01.01.2023 – 2016.01.2023 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Республикалық кәсіби даму институты филиалының Менеджмент және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы.
17.01.2023 – 13.03.2026 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры
02.07.2026 жылдан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры
01.10.2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – республикалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау жөніндегі сарапшы.
