Мақсатты аудитория: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері
Бағдарлама келесі бағыттарға арналған:
инклюзивті білім беру негізінде сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін кәсіби тәсілдерді (жүйелі, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарланған, мәдениеттанымдық) қолдану;
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған жеке дамыту бағдарламалары мен жеке білім беру маршруттарын әзірлеу және іске асыру;
мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың іс-әрекеттерін (ұйымдастырылған, ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, тәжірибелік-эксперименттік, еңбек, заттық-дамытушылық, қимыл-қозғалыс, көркем-өнер) ұйымдастыруға арнайы жағдайлар құруды оқыту.