Мақсатты аудитория: Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері
Бағдарлама тәжірибелік сабақтардың күшейтілген мазмұнымен және жобаларды қорғау жұмыстарымен ерекшеленеді. Бұл курстар тыңдаушыларға пәндік тапсырмаларды өздігінен құрастыруға, түсінуге және меңгеруге үйретеді. PISA тапсырмаларын құрастырудың негіздерін рефлексивті ойлау арқылы және жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқыту – курстар барысында тыңдаушылардың өз тәжірибесінде нақты қолдануына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар посткурстық сүйемелдеу де біліктілікті арттыруға ықпал етіп, қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.