Мақсатты аудитория: Барлық мұғалімдер
Бағдарлама инклюзивтілік пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған, барлық оқушыларға білім алу жолдарында тең мүмкіндіктер беруді көздейді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен (бұдан әрі – ЕБҚ) жұмыс істейтін педагогтар тобының міндеті – қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестікте бұзылулары немесе қиындықтары бар балаларға мұқият жоспарланған психологиялық-педагогикалық көмек көрсету арқылы кедергілерді азайту және жою.