Мақсатты аудитория: Информатика пәнінің мұғалімдері
Бағдарлама информатика мұғалімдерінің психологиялық тұрғыдан қауіпсіз және қолдаушы цифрлық білім беру ортасын құру, коллаборативті жұмыс формаларын, геймификация мен жобалық тәсілдерді қолдану, сондай-ақ білім алушылардың өзіне деген сенімін қалыптастыруға, қателесуден қорқу сезімін азайтуға және АКТ мен бағдарламалауды меңгеруге тұрақты уәжін арттыруға ықпал ететін конструктивті кері байланыс стратегияларын пайдалану бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.