Мақсатты аудитория: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері
«Сыныпты басқарудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, ағылшын тілін оқытудың жағымды және нәтижелі ортасын құру» бағдарламасы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және заманауи сыныпты басқару тәсілдерін тиімді қолдануға бағытталған. Бағдарлама аясында тыңдаушылар оқушылардың мотивациясын арттыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сыныптағы өзара әрекеттестікті тиімді ұйымдастыру, конфликттердің алдын алу және оларды шешу, сондай-ақ оқыту үдерісінде саралау мен бағалаудың заманауи стратегияларын қолдану дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, курс ұлттық құндылықтарды кіріктіру, инклюзивті және қолайлы оқу ортасын қалыптастыру, Lesson Study және Action Research сияқты зерттеу тәсілдерін қолдану арқылы педагогтердің рефлексивті тәжірибесін дамытуға мүмкіндік береді. Практикаға бағытталған мазмұны арқылы бағдарлама оқыту сапасын арттыруға және оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.