Мақсатты аудитория: Орта білім беру ұйымдарының тарих және құқық негіздері пәні мұғалімдері
Бағдарлама тарих және құқық негіздері пәндері бойынша жаңа білім беру технологияларын пайдалану негізінде педагог кадрлардың кәсіби білімін, біліктілігін және тәрбиелеу мен оқыту әдістемесін жетілдіруді, оқушылардың оқу, азаматтық-құқықтық, ақпараттық және медиа сауаттылық дағдыларын дамытуды көздейді.