Мақсатты аудитория: Барлық деңгейдегі педагогтер
Бағдарлама мазмұны практикалық бағыттылыққа ие және педагогтердің әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бұл құзыреттер педагогтерге гендерлік теңдікті қолдайтын оң құндылықтарды, мінез-құлық үлгілерін және құзыреттерді жеткізуге, сондай-ақ гендерлік нормалар мен стереотиптердің таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарламада оқыту мен үйретудің гендерлік-трансформативті әдістемелерін қолдану көзделген.