+7 (7172) 55 95 55

M

15.01.2026

«Инфодетектив (САМ)» әдісі: педагогикалық тәжірибе тікелей эфирде

15 қаңтар күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының YouTube платформасында педагогтерге арналған мазмұнды тікелей эфир өтті. Онлайн кездесу кәсіби тәжірибе алмасуға және заманауи оқыту әдістерін талқылауға бағытталды.

Тікелей эфир спикері — «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы, Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Джумашева. Эфир барысында ол «Инфодетектив (САМ)» ақпаратты талдау әдісін қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оның оқушылардың сыни ойлауын, оқу сауаттылығын және ақпаратты бағалау дағдыларын дамытудағы маңызын атап өтті.

Еліміздің әр өңірінен қосылған педагогтер белсенді қатысып, ұсынылған тәжірибеге жоғары қызығушылық танытты.

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930