Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, педагогтердің қаржылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда.
Биыл еліміз бойынша 4 мыңға жуық педагог Ұлттық банктің өңірлік филиалдары базасында қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқыту курсынан өтеді. Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен әзірленген. Курс аясында педагогтер отбасылық бюджетті жоспарлау, шығынды есептеу, инвестициялау негіздері, несие және зейнетақы жүйесі, қаржылық алаяқтық түрлерін ажырату, сондай-ақ, жеке деректерді қорғау сынды дағдыларды меңгереді. Оқытуды «Өрлеу» орталығының тренерлері мен Ұлттық Банктің мамандары бірлесіп жүргізеді. Педагогтер алған білімін оқу процесіне енгізіп, оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Бұл бастама – қаржы мәдениетін білім беру жүйесімен жүйелі түрде ықпалдастыруға және оқушылардың өз қаржысын тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал, сондай-ақ интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажері әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.





