Мақсатты аудитория: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері
Бағдарлама еліміздің білім беру жүйесінде баламасы жоқ және мектепке дейінгі жастағы балалармен ұйымдастырылған іс-әрекетте арт-педагогика әдістері мен тәсілдерін қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.
Арт-терапия тиімді оқыту әдісі ретінде мектепке дейінгі білім беру саласында баланың коммуникативтік дағдыларын, құрдастарымен ынтымақтаса жұмыс істей алу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Арт-терапия – баланың өзінің эмоцияларын, сезімдерін, психологиялық жағдайын сурет, би, ертегі немесе ойын арқылы ауыртпалықсыз жеткізуге мүмкіндік беретін тамаша тәсіл.