Мақсатты аудитория: Бастауыш сынып мұғалімдері
Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде зерттеушілік тәсілді тиімді жүзеге асырудың заманауи әдістерін қамтиды. Бұл тәсіл оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуін және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама бастауыш сынып білім алушыларында сыни ойлау дағдыларын, шығармашылықпен мәселе шешу қабілеттерін, ақпаратты талдау және қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бағдарлама педагогтерді оқушылардың коммуникация, ынтымақтастық және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту әдістеріне үйретуді көздейді. Бағдарлама аясында ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға ерекше мән беріледі.