Мақсатты аудитория: Мектепте кәсіби бағдармен айналысатын педагогтер
Бағдарлама педагогтердің тиімді кәсіби бағдар беру үдерісін ұйымдастыру дағдыларын дамытуға, сондай-ақ педагогтердің кәсіби бағдар жұмысының мазмұнын, формалары мен әдістерін іске асыру және білім алушыларға болашақ кәсіби қызметін таңдауда қолдау көрсету құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.
Курстар:
білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға даярлығын педагогикалық қолдау технологияларын өз бетінше құрастыру бойынша практикалық дағдылар қалыптастырады;
педагогтерді білім алушылар және ата-аналармен нәтижелі және жедел жұмыс жасауға арналған тиімді құралдармен қамтамасыз етеді;
сұраныстан нәтиже алуға дейінгі үдерісті сәтті жүргізуге, кәсіби бағдарлау сұраныстарымен жұмыс аясын кеңейтуге және оларды өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік береді.