Мақсатты аудитория: Білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттері
Бағдарлама педагог-ассистенттердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Ол педагогика мен психология салаларындағы соңғы зерттеулерге, заманауи педагогикалық дизайн технологияларының жетістіктеріне, білім берудегі нейроғылым негіздеріне сүйене отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың табысты әлеуметтенуіне қажетті құзыреттерді қалыптастыруды көздейді.