Мақсатты аудитория: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымындағы қазақ тілі педагогтері
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қазақ тілі педагогтеріне арналған және балалардың мемлекеттік тілде қарапайым қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған заманауи әдістер мен практикалық тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Курс барысында тыңдаушылар тілге бойлау технологияларын, коммуникативтік оқыту әдістерін, ойын арқылы тіл дамыту тәсілдерін, инклюзивті білім беру жағдайында тапсырмаларды саралау мен бейімдеуді, тілдік ортаны жобалауды, сондай-ақ балалардың тілдік жетістіктерін бағалау және мониторинг жүргізу құралдарын меңгереді. Сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект құралдарын педагогикалық тұрғыдан тиімді қолдану дағдыларын дамытады.