Мақсатты аудитория: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының музыкалық жетекшілеріне арналған және балалардың музыкалық-шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық тәсілдер мен практикалық құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Курс барысында тыңдаушылар мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық және көркемдік-эстетикалық дамуының психологиялық-педагогикалық негіздерін, музыкалық іс-әрекетті ұйымдастырудың инновациялық технологияларын, ойын және жобалық оқыту тәсілдерін, мерекелер мен білім беру іс-шараларын тиімді жоспарлау әдістерін меңгереді. Сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект құралдарын педагогикалық тұрғыдан тиімді пайдалану, музыкалық дарынды балаларды анықтау, балалардың шығармашылық жетістіктерін бағалау және мониторинг жүргізу дағдыларын дамытады.