+7 (7172) 55 95 55

M

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Көркем еңбек»

Мақсатты аудитория: Білім беру ұйымдарының педагогтері

17,000.00 25,000.00 
🗣️
Оқыту тілі | Язык обучения
Қазақша
📅
Әзірленген жылы | Год разработки
2025 ж.
💡
Оқыту форматы | Формат обучения
Күндізгі / Онлайн
⏱️
Сағат саны | Количество часов
40/80
🆔
Курстың коды | Код курса
XH9CH
Қолданылу мерзімі | Срок действия
2028 ж. желтоқсан
Бекітілді | Утверждено
№1, 06.01.2026 ж.
«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Көркем еңбек» педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламасы мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және оқу процесін заманауи талаптарға сәйкес тиімді жобалауға бағытталған. Бағдарламада білім беру нәтижелерінің каскады, құндылыққа бағдарланған және инклюзивті оқыту тәсілдері, оқыту мен бағалаудың тиімді стратегиялары, сондай-ақ цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселелері кешенді түрде қарастырылады. Курс барысында педагогтер МЖМБС талаптарына сәйкес оқу үдерісін жүйелі жобалауды, орта және қысқа мерзімді жоспарлар әзірлеуді, шығармашылық және зерттеушілік қызметті ұйымдастыруды, сондай-ақ білім алушылардың функционалдық және креативті сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыруды меңгереді . Бағдарлама практикалық бағыттылығымен ерекшеленеді және педагогтердің кәсіби рефлексиясын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға, инновациялық әдістер мен технологияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.
Курс санаты | Категория курса