+7 (7172) 55 95 55

M

Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Химия»

Мақсатты аудитория: Білім беру ұйымдарының педагогтері

17,000.00 25,000.00 
🗣️
Оқыту тілі | Язык обучения
Қазақша
📅
Әзірленген жылы | Год разработки
2025 ж.
💡
Оқыту форматы | Формат обучения
Күндізгі / Онлайн
⏱️
Сағат саны | Количество часов
40/80
🆔
Курстың коды | Код курса
LNQ3E
Қолданылу мерзімі | Срок действия
2028 ж. қазан
Бекітілді | Утверждено
№ 388, 21.11.2025 ж
Бағдарлама химияны оқытудың практикалық қырына – Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт (МЖМБС) талаптарынан бастап нақты сабақ деңгейіне дейінгі байланысқа ерекше назар аударады. Онда алғаш рет құзыреттерді декомпозициялау, каскадтық тәсіл, құндылықтарға бағдарлану, спиральды құрылым және оқыту мен бағалау әдістерін конструктивті түрде сәйкестендіру сияқты тәсілдер жүйелі түрде біріктірілген.
«Химия» пәнінің ерекшелігін ескере отырып, Бағдарламада оқушылардың іргелі білімдері мен біліктерін меңгерумен қатар, оларды нақты өмірлік және кәсіби жағдайларда тиімді қолдануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттерді дамытуға ерекше назар аударылады. Жаратылыстану-ғылыми және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – химиялық білім берудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырылады, өйткені ол оқушылардың тәжірибелік, аналитикалық және сандық әдістерді қолдана отырып, практикалық бағыттағы тапсырмаларды шешу қабілетін қамтамасыз етеді.
Курс санаты | Категория курса
preloader