Мақсатты аудитория: Орта білім беру ұйымдарының олигофренопедагогтары
Бағдарлама зияттық дамуында бұзылыстары бар балаларға коррекциялық көмек көрсету және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша орта білім беру ұйымдарының арнайы педагогтары – олигофренопедагогтердің кәсіби, тұлғалық және іскерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде білім алушыларды бағалау мен қолдаудың тиімді тәсілдерін меңгеруді көздейді.