Бөлім
Құрылым және басқару
Мусабекова Гульвира Айдархановна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы – Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры
1973 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі
1996–2001 жылдары – Меңдіқара ауданындағы ауыл мектебінің мұғалімі; Рудный қаласындағы №18 орта мектептің мұғалімі; Рудный қаласындағы №15 орта мектеп пен Қостанай қаласындағы №20 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2001–2010 жылдары – «Қостанай дарыны» ғылыми-практикалық орталығы бөлімінің басшысы, дарынды балаларға арналған Қостанай қазақ-түрік лицей-интернаты директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
2010 жылы – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психологиялық-педагогикалық факультетінің деканы.
2012–2022 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің академиялық жұмыс жөніндегі вице-президенті (Ақтау қаласы), М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры.
2023–2025 жылдары – Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің ректоры.
2025 жылғы сәуір айынан бастап – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы – Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры.
