+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Мусабекова Гульвира Айдархановна

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры 

Жалпы ақпарат, білімі 

Мұсабекова Гүльвира Айдарханқызы 1973 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1995 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих-педагогика факультетін бітірген. Мамандығы: тарих, қоғамтану және тәрбие жұмысының әдістемесі. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 

Мансап 

1996–2001 жылдар Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл мектебінің мұғалімі; Рудный қаласындағы №18 орта мектептің мұғалімі; Рудный қаласындағы №15 орта мектеп пен Қостанай қаласындағы №20 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 

2001–2010 жылдар «Қостанай дарыны» ғылыми-практикалық орталығы бөлімінің басшысы, дарынды балаларға арналған Қостанай қазақ-түрік лицей-интернаты директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. 

2010 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психологиялық-педагогикалық факультетінің деканы. 

2012–2022 жылдар Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің академиялық жұмыс жөніндегі вице-президенті (Ақтау қаласы), М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры. 

2023–2025 жылдар Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің ректоры. 

2025 жылғы сәуір айынан бастап – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры. 

 Мемлекеттік марапаттары 

ҚР БҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2015 ж.). 

ҚР ҒЖБМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2025 ж.).