+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Қожамжарова  Латипа  Сейдахметқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиал директоры

Жалпы ақпарат, білімі
Кожамжарова Латипа Сейдахметқызы 1981 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика институтын «Биология және химия пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ«Биология және Биотехнология» факультетінде магистратура, аспирантураны табысты аяқтап, жаратылыстану ғылыми бағытында «Биология» магистрі және «Ботаника, Биохимия және өсімдіктер физиологиясы» мамандықтары бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, «Биология» қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алған.

Мансап
2002–2010 жылдары  ҚР ҒЖБМ «Биологиялық зерттеулер орталығы» Ғылым комитеті «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШҚРМК кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер.
2010–2012 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Биология» кафедрасының доценті.
2012–2018 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Биология» кафедрасының меңгерушісі, доцент.
2018–2022 жылдары  Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Биология және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламаларының (БББ) жетекшісі/басшысы, профессор.
2022–2024 жылдары Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар» басқармасының басшысы, профессор.
2024 жылдың 14 қарашадан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиал директоры.