Бөлім
Құрылым және басқару
Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиал директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы 1981 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика институтын «Биология және химия пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ«Биология және Биотехнология» факультетінде магистратура, аспирантураны табысты аяқтап, жаратылыстану ғылыми бағытында «Биология» магистрі және «Ботаника, Биохимия және өсімдіктер физиологиясы» мамандықтары бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, «Биология» қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алған.
Мансап
2002–2010 жылдар ҚР ҒЖБМ «Биологиялық зерттеулер орталығы» Ғылым комитеті «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШҚРМК кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер.
2010–2012 жылдар Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Биология» кафедрасының доценті.
2012–2018 жылдар М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Биология» кафедрасының меңгерушісі, доцент.
2018–2022 жылдар Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының меңгерушісі, профессор.
2022–2024 жылдар Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар» басқармасының басшысы, профессор.
2024 жылдың 14 қарашасынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиал директоры.
Мемлекеттік марапаттар
Отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» мемлекеттік төсбелгісі (2017).
