Бөлім
Құрылым және басқару
Жуманова Гаухар Сайлаубековна
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының директоры
Жалпы мәлімет, білімі
Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын Ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Мансап
1990–1993 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Алексеевка ауылындағы Алексеев орта мектебінің қазақ сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1993–1994 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Алексеевка ауылындағы Алексеев орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
1994–1998 жылдары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі кабинеттерінің меңгерушісі.
1998–1999 жылдары Өскемен қаласындағы «Восток» өңірлік ғылыми-зерттеу орталығының әдіскері.
1999–2009 жылдары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2009–2012 жылдары Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» КМҚК директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2012–2021 жылдары Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
2021 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін «ШҚО педагогикалық жаршысы / Педагогический вестник ВКО» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы мен «Педагогикалық әлемі» педагогикалық газетінің бас редакторы.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалы Ғылыми кеңесінің төрағасы.
2021 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі.
2021 жылдан бастап «Өрлеу» Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Бірыңғай ұлттық құзыреттілік (ЕНЦ) және тәлімгерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің жетекшісі.
2020–2025 жылдары «Педагогика және психология», «Психология және түзету педагогикасы», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламалары бойынша «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі, төрағасы.
2024 жыл Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алматы қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстары білім басқармаларының қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамында жұмыс істеді.
2024 жыл Қазақстан Республикасы Білім мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы («Орыс тілі мен әдебиеті», 5-сынып оқулығы).
2024 жыл «Үздік педагог – 2024» республикалық конкурсының сарапшысы.
2022–2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Аттестаттау комиссиясының мүшесі.
2023–2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Алқа кеңесінің мүшесі.
2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі.
2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Аттестаттау комиссиясының төрағасы.
