Бөлім
Құрылым және басқару
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын Ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Мансап
1990–1993 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Алексеевка ауылындағы Алексеев орта мектебінің қазақ сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1993–1994 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Алексеевка ауылындағы Алексеев орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
1994–1998 жылдары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі кабинеттерінің меңгерушісі.
1998–1999 жылдары Өскемен қаласындағы «Восток» өңірлік ғылыми-зерттеу орталығының әдіскері.
1999–2009 жылдары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2009–2012 жылдары Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» КМҚК директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2012–2021 жылдары Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
2021 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры.
