Бөлім
Құрылым және басқару
Әбішева Нұргүл Молдабайқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Нұргүл Молдабайқызы Әбішева 1965 жылы 29 тамызда Ақтөбе облысы, Темір қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Украина мемлекеті, Черкассы қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Педагог-зерттеуші» атағына ие. «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерінің иегері.
Мансап
1982–1983 жылдары Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық комсомол комитетінің статистика бөлімінің маманы.
1988–1992 жылдары Ақтөбе байланыс техникумында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы, Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің білім бөлімі нұсқаушысы.
1992–2005 жылдары Ақтөбе педагогикалық училищесінде зертханашы, оқытушы, әдіскер, мектеп бөлімінің меңгерушісі.
2005–2012 жылдары Ақтөбе облыстық біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтында әдіскер, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.
2012–2016 жылдары «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Ақтөбе облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының» директоры.
2016 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры.
Ақтөбе облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты.
Облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі.
2016 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі, «Құрмет» бастауыш партия ұйымының төрайымы.
Білім беру саласындағы бақылау департаменті жанындағы тұрақты комиссияның мүшесі.
Ақтөбе облысы білім басқармасы алқасының мүшесі.
Ақтөбе облыстық аттестациялық комиссия мүшесі.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің жетекшісі.
