+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Абишева Нұргүл Молдабайқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры

Жалпы ақпарат, білімі
Нұргүл Молдабайқызы Абишева 1965 жылы Ақтөбе облысы Темір қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Украина мемлекеті, Черкассы қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Құқықтық дискурстың лексикалық компоненті» тақырыбында диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы, соның ішінде Scopus халықаралық дерекқорында индекстелетін мақалалардың авторы.

Мансап
1982–1983 жылдары аудандық комсомол комитетінің статистика бөлімінің маманы.
1988–1992 жылдары Ақтөбе байланыс техникумында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы, Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің білім бөлімі нұсқаушысы.
1992–2005 жылдары Ақтөбе педагогикалық училищесінде лаборант, оқытушы, әдіскер, мектеп бөлімінің меңгерушісі.
2005–2012 жылдары облыстық біліктілікті арттыру институтында әдіскер, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.
2012–2016 жылдары «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Ақтөбе облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының» директоры.
2016 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры.