+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Асель Ермекқызы Рахимбекова, PhD
Өрлеу акционерлік қоғамының Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

Жалпы мәліметтер, білімі
Рахимбекова Асель Ермекқызы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы «Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 2015 жылы «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторлық дәрежесін қорғаған. 2025 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Білім беру зерттеулері, цифрлық экономика, инновациялық даму және әлеуметтік-экономикалық саясат мәселелері бойынша халықаралық рецензияланатын Scopus және Web of Science басылымдарында ғылыми жарияланымдардың авторы.

Еңбек жолы
2016–2020 жылдары – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Бизнес және экономика факультеті деканының орынбасары.
2021–2023 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының Зерттеулер және деректерді талдау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы.
2023–2024 жылдары – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында University of Illinois Urbana-Champaign университетінде ғылыми-педагогикалық тағылымдама
2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.