Бөлім
Құрылым және басқару
Маханова Дамира Ерболқызы
Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің директоры
Жалпы мәліметтер, білімі
Маханова Дамира Ерболқызы 1991 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Тараз инновациялық гуманитарлық университетін тәмамдаған, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие. Анкара университетінде (Түркия Республикасы) тарих мамандығы бойынша PhD дәрежесін алған.
Мансап
2012–2013 жылдары — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, К.А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты — штаттан тыс ғылыми қызметкер.
2013–2015 жылдары — Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан картасы „Атамекен“ этно-мемориалдық кешені» МКҚК — «Музей педагогикасы» бөлімінің басшысы.
2015–2018 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы — «Ғылым, менеджмент және маркетинг» қызметі басшысының орынбасары.
2020–2021 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы — «Ғылым, менеджмент және маркетинг» қызметі басшысының орынбасары.
2021–2022 жылдары — «Neotech Digital School» жекеменшік мектебі — директордың орынбасары.
2022 жылы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы — ғалым хатшының міндетін атқарушы.
2025–2026 жылдары — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — Стратегиялық даму департаментінің бас маманы.
2026 жылғы 18 тамыздан бастап — «Өрлеу» БАҰО» АҚ Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің директоры.
