Раздел
Структура и управление
Боранғали Дәулет Қанатұлы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының Цифрландыру мәселелері жөніндегі орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Боранғали Дәулет Қанатұлы 1997 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша тәмамадаған. Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінде (БМАРУ) 6 айлық тағылымдамадан өтті.
Мансап
2015 жыл Бұрғылаушының көмекшісі (өндірістік тәжірибе).
2015 – 2017 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Жас Отан» жастар қанаты филиалының төрағасы,туденттік және жастар бастамаларын ұйымдастырушы.
2017 жыл «Фотон» газоблок зауытында бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі (БӨАжА); Masa Henke жабдықтарын іске қосу және реттеуші.
2018 – 2019 жылдары «Алтын белгі» орталығында математика пәнінің мұғалімі.
2019 жыл Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі (БӨАжА) –НурсайЭнерджи. Atlas Copco компрессорлары мен генераторларына сервистік қызмет көрсетуші.
2019 – 2020 жылдар Data Admin (SAP) ESS, Теңіз кен орны
2020 жыл Stellar –АСУ ТП инженері, Автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау және техникалық қызмет көрсету.
2021 жыл информатика пәнінің мұғалімі, Aqbobek International School.
2021 – 2025 жылдар Aqbobek International School мектебінің директоры.
2025 жыл дарынды балаларға арналған мектеп директоры, бас директордың кеңесшісі.
2025-2026 жылдар ҚР Оқу-ағарту министрінің кеңесшісі.
