+7 (7172) 55 87 82

M

05.10.2026

КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК: КЕЗЕКТІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында мемлекеттік тапсырыс аясында ұйымдастырылған кезекті біліктілікті арттыру курстары аяқталды.

21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында педагогтер келесі білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Курс тақырыптары:
✅ «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»
✅ «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті»
✅ «Сыныпты басқарудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, ағылшын тілін оқытудың жағымды және нәтижелі ортасын құру»

Оқу мазмұнында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, заманауи әдіс-тәсілдерді педагогтердің күнделікті жұмысына тиімді енгізуге басымдық берілді.

Курс қорытындысында оқу бағдарламаларын табысты меңгерген тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.