+7 (7172) 55 87 82

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Педагогтерді есепке алу және дамыту департаментінің директоры 
Жалпы ақпарат, білімі 

Мұхамбетжанова Гүлден Есмұратқызы 1976 жылы Торғай облысында (қазіргі Ақмола облысы) дүниеге келген. 


Ақмола педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқыған. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 

Мансап 
1994–1995 жылдары — Ақмола облысы Қима ауданы Байжігіт негізгі орта мектебінің аға тәлімгері; 
1995–2000 жылдары — Ақмола облысы Қима ауданы Байжігіт негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; 
2000–2004 жылдары — Ақмола облысы Жақсы ауданы Островская орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; 
2004–2008 жылдары — Ақмола облысы Жақсы ауданы Островская орта мектебінің педагог-психологы;  
2008–2009 жылдары — Ақмола облысы Жақсы ауданы Островская орта мектебі басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; 
2009–2010 жылдары — Ақмола облысы Жақсы ауданы Островская орта мектебі басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары; 
2010–2011 жылдары — Ақмола облысы Жақсы ауданы Островская орта мектебі директорының міндетін атқарушы; 
2011–2014 жылдары — Ақмола облысы Жақсы ауданы Островская орта мектебінің педагог-психологы; 
2014–2023 жылдары — Ақмола облысы Жақсы ауданы Тарасовка ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры; 
2023 жылы — «Өрлеу» БАҰО» АҚ жетекші маманы; 
2024 жылғы 3 қаңтардан бастап — «Өрлеу» БАҰО» АҚ оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің бас маманы; 
2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап — «Өрлеу» БАҰО» АҚ есепке алу және дамыту департаментінің директоры.