Бөлім
Құрылым және басқару
Айткужина Камила Арнурқызы
Өрлеу акционерлік қоғамының Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры
Жалпы мәліметтер, білімі
Айтқужина Камила Арнуровна Павлодар қаласында дүниеге келген. Satbayev University оқу орнын Petroleum Engineering мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан инновациялық университетін «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019 жылы заң ғылымдары бойынша магистр дәрежесін алды. 2022 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, ақпараттық жүйелер магистрі дәрежесіне ие болды.
Еңбек жолы
2012–2016 жылдары – «Pro100r» ЖШС директорының орынбасары.
2016–2018 жылдары – Өрлеу АҚ Маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің бас маманы.
2018–2020 жылдары – Өрлеу АҚ баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі.
2020–2022 жылдары – Өрлеу АҚ Маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің директоры.
2022–2025 жылдары – Өрлеу АҚ Ақпараттық жүйелер және SMM департаментінің директоры.
2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Өрлеу АҚ Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры.
