+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Әлмағамбетова Лейла Серікқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» директоры

Әлмағамбетова (Алыпқашаева) Лейла Серікқызы 1984 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (Петропавл қаласы) 13.00.02 «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша аспирантурасын аяқтаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент). 

Еңбек жолы

2005–2007 жылдар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ассистенті. 

2007–2008 жылдар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы. 

2008–2014 жылдар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы.  

2014 жылдар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті. 

2014–2019 жылдар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі. 

2019–2020 жылдар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі. 

2020–2022 жылдар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. 

2020–2022 жылдар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты директорының міндетін атқарушы. 

2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры.