Бөлім
Құрылым және басқару
Байгаринова Жанна Калымкановна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Байғаринова Жанна Қалымқанқызы 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Физика және математика» мамандығы бойынша, М. Әуезов атындағы Семей университетін «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Мансап
1994–2001 жылдар Семей қаласындағы №36 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі.
2001–2009 жылдар Семей қаласындағы №6 мектеп-гимназияның физика пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.
2009–2010 жылдар Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры.
2012–2021 жылдар Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Педагогикалық шеберлік орталығы» жеке мекемесінің әдістемелік жұмыс бөлімінің аға менеджері, біліктілікті арттыру бағдарламаларының тренері.
2021–2023 жылдар Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Өзгерістерді басқару департаментінің аға менеджері.
2023 жылы Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Тәжірибені тарату департаменті директорының орынбасары.
2023–2024 жылдар Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Тәжірибені тарату департаментінің директоры.
2024–2025 жылдар Астана қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Білім берудегі көшбасшылық зертханасының жетекшісі.
2025 жылғы 15 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры.
