Бөлім
Құрылым және басқару
Кулизат Сағынғалиқызы Бақтыбаева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы бойынша КДИ» филиал директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Кулизат Сағынғалиқызы Бақтыбаева 1966 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Диссертациялық кеңесте педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.
Мансап
1992-1993 жылдары кітапхана филиалының меңгерушісі, Луговой орталық кітапханасы, Жамбыл облысы, Луговой ауданы
1993-1994 жылдары – «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі, Алматы облысы, Күрті ауданы, Үлкен кенті
1994-1999 жылдары – орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Алматы облысы, Күрті ауданы, Үлкен орта мектебі
1999-2003 жылдары – «Қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы» кафедрасының оқытушысы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
2003-2011 жылдары – «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының аға оқытушысы, Оқу-әдістемелік басқарма бөлімінің басшысы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
2011-2013 жылдары– «Үздіксіз білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, Тараз қ.
2013-2016 жылдары – Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, тренер «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ
2016-2017 жылдары – «Інжу» балабақша-мектеп кешенінің директоры, «Абылай-Сана-2003» ЖШС, Тараз қ.
2017-2019 жылдары – «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ
2019-2021 жылдары – «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының доцент міндетін атқарушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
2021-2025 жылдары – «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті.
2025 жылғы қазаннан «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы бойынша КДИ» филиалының директоры.
